Қымбатты достар! Бүгін — Қазақстан Республикасы Күні! Бұл мереке біздің тәуелсіздігіміз бен еліміздің абыройының маңызына мән беретін мейрам. Қазақстан — тарихы тереңге бойлаған, мәдени және табиғи байлықтары мол ел. Осы елде бақытты өмір кешіп, жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Республика күні бізді бірлік пен ынтымаққа жетелейді. Еліміздің тұтастығы мен балалардың болашағы үшін бірлігіміз баянды болсын. Мереке құтты...
Рубрика: Білім беру
Жеңіс күні құтты болсын!
Жеңіс күні құтты болсын! Қан майданда борышын өтеген ардагерлеріміз үшін бұл күн ерекше мереке. Бұл – ҰОС аяқталып, әлемге бейбіт өмір келген күн. Қазақ даласынан 12-атқыштар дивизиясынан, 7-атқыштар бригадасынан, 50-ге жуық полк батальонынан тұратын 1 200 000 әскер қан майданға аттанды. Біздің отандастырымыз арасында ерлігімен көзге түскен батырларымыз болды. Олар: Кенжебай Мәденов, Рақымжан Қошқарбаев, Василий...
«Көкіл» ансамблі
Тамыз айында «Көкіл» ансамблі Италияның Браччано қаласында өткен ІХ Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. Осы музыка мерекесіне Израиль, Ресей, Польша, Болгария, Эстония, Кипр, Түркия, Испания елдерінен өнерпаздар келді. Көне Орсини – Одескальки замогының жанында өткен фестиваль есте қаларлық оқиға болды.Фестиваль аясында «Көкіл» ансамблі мүшелері Рим, Флоренция қалаларына саяхат жасап, әлемге әйгілі архитектуралық ғимараттар және скульптуралармен танысты.
Құттықтаймыз Мұғалімдер күнімен!
Құттықтаймыз Мұғалімдер күнімен! Тіл қататын замананың үнімен, Балаларға бал таматын тілінен, Ұстаздарды жарқын, ұлық мереке Құттықтаймыз Мұғалімдер күнімен!
Қазақ балалары Италия сахнасында!
Қалыптасқан дәстүр бойынша «Көкіл» ансамблі Италиядағы Гарда қаласында өткен Халықаралық фестивальға қатысты. Ресей, Израиль, Түркия, Болгария, Латвия, Швеция, Марокко, Боливиядан келген өнерпаздар қатысқан сайыста, біздің балалар қазақ өнерінің мәртебесін асқақтата түсті. Гарда көшелерінде ұлттық киімдермен өткен шеру, кәдесый алмасу, естелік суреттер, қатысушылардың бір-біріне деген шынайы ықыласы мәңгілік есте қалды. Фестивальдан тыс Верона қаласына саяхат, Венецияда...
«Көкіл» ансамблі Екатеринбург тұрғындарын таң қалдырды.
19 қаңтар күні «Мәдени мұраны сақтау және мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы ЮНЕСКО клубтарының рөлі» тақырыбында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында видеоконференция өтті. Видеоконференцияға Алматы және Екатеринбург қалаларының ЮНЕСКО клубтары қатысты. Әр клуб ұлттық өнер түрлерін ұсынды. «Көкіл» мектебі Құрманғазының «Балбырауын», А.Раимбергеновтің «Секіртпе» және Ортеке күйлерінен тұратын бағдарлама көрсетті. Исаханова Д.К. аспаптардың және күйлердің шығу тарихымен...
Ж.Жабаев музейіне саяхат
Бізге әсер еткен: күзгі мүлгіген табиғат пен ерекше тыныштық. Н.Тілендиевтің ескерткіші оның шығармашылығының көрінісіндей болды. Бізді таңқалдырған: ақынның 1938 жылдан осы күнге дейін жүріп тұрған көлігі.
- 1
- 2