«Көкіл» ансамблі Екатеринбург тұрғындарын таң қалдырды.

«Көкіл» ансамблі Екатеринбург тұрғындарын таң қалдырды.

19 қаңтар күні «Мәдени мұраны сақтау және мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы ЮНЕСКО клубтарының рөлі» тақырыбында Қазақстан Республикасы және  Ресей Федерациясы арасында видеоконференция өтті.  Видеоконференцияға Алматы және Екатеринбург қалаларының ЮНЕСКО клубтары қатысты. Әр клуб ұлттық өнер түрлерін ұсынды.

«Көкіл» мектебі Құрманғазының «Балбырауын», А.Раимбергеновтің «Секіртпе» және Ортеке күйлерінен тұратын бағдарлама көрсетті. Исаханова Д.К. аспаптардың және күйлердің шығу тарихымен таныстырды.