Қазақ балалары Италия сахнасында!

 Қалыптасқан дәстүр бойынша «Көкіл» ансамблі Италиядағы Гарда қаласында өткен Халықаралық фестивальға қатысты. Ресей, Израиль, Түркия, Болгария, Латвия, Швеция, Марокко, Боливиядан келген өнерпаздар қатысқан сайыста, біздің балалар қазақ өнерінің мәртебесін асқақтата түсті. Гарда көшелерінде ұлттық киімдермен өткен шеру, кәдесый алмасу, естелік суреттер, қатысушылардың бір-біріне деген шынайы ықыласы мәңгілік есте қалды. Фестивальдан тыс Верона қаласына саяхат, Венецияда қайық тебу, Миландағы Дуомо соборын тамашалау мүмкіндігі туды.