Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

Қан майданда борышын өтеген ардагерлеріміз үшін бұл күн ерекше мереке. Бұл – ҰОС аяқталып, әлемге бейбіт өмір келген күн.

Қазақ даласынан 12-атқыштар дивизиясынан, 7-атқыштар бригадасынан, 50-ге жуық полк батальонынан тұратын 1 200 000 әскер қан майданға аттанды. Біздің отандастырымыз арасында ерлігімен көзге түскен батырларымыз болды. Олар: Кенжебай Мәденов, Рақымжан Қошқарбаев, Василий Мартехов, Әлімқұл Жылқыбаев, Нығмет Наукенов, Төлеухан Шайдильдинов, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский және т.б.

Соғыс және тыл ардагерлеріне ұлы ерліктері үшін мың алғыс айтамыз! Ел үшін жанын берген ерлеріміздің ерлігі мәңгі жадымызда сақталмақ!