«Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз»
Ақпан айында «Көкіл» мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 25 жылдығы аясында өткен «Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз» тақырыбындағы XXXVII Республикалық (Халықаралық құзыреттілігі бар) ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Мектептегі негізгі пәндерден жобалар қорғалды.
10-сынып оқушысы Тоққожина Айғаным ағылшын тілінде жасаған жобасы үшін І орын иеленді. 11-сынып оқушылары Тәжіхан Аружан мен Усманова Лаура математикадан ІІ орын алды.