Category: Жаңалықтар

20.05.201720.05.2017
Жазба

«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді

«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Оған бастауыш сынып оқушылары аса қызығушылық танытты. Жыл соңында шахматтан мектепішілік турнир өтіп, жеңімпаздар анықталды. І орынды Ахметов Батыр, ІІ орынды Қартамысов Алихан, ІІІ орынды Сейсенбек Алдияр жеңіп алды. Жас гроссмейсетерлер Ойлану керек … Жас шахматшы – Қартамысов Алихан Шахматтан мектеп чемпионы – Ахметов Батыр

01.05.201701.05.2017
Жазба

«Аяулы асыл жандар»

8 Наурыз қарсаңында ардақты ұстаздарға және аналарға арналған «Аяулы асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті.  Шын жүректен шыққан ыстық тілектер, құттықтаулар ән, би, көңілді көріністермен астасып отырды. Оқушылардың ыстық сезім, алғыс пен құрметіне бөленген ұстаздар дән риза болды.  

21.04.201721.04.2017
Жазба

Қазақ балалары Италия сахнасында!

 Қалыптасқан дәстүр бойынша «Көкіл» ансамблі Италиядағы Гарда қаласында өткен Халықаралық фестивальға қатысты. Ресей, Израиль, Түркия, Болгария, Латвия, Швеция, Марокко, Боливиядан келген өнерпаздар қатысқан сайыста, біздің балалар қазақ өнерінің мәртебесін асқақтата түсті. Гарда көшелерінде ұлттық киімдермен өткен шеру, кәдесый алмасу, естелік суреттер, қатысушылардың бір-біріне деген шынайы ықыласы мәңгілік есте қалды. Фестивальдан тыс Верона қаласына саяхат, Венецияда...

«Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз»
25.02.201725.02.2017
Жазба

«Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз»

Ақпан айында «Көкіл» мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 25 жылдығы аясында өткен «Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз» тақырыбындағы XXXVII   Республикалық (Халықаралық құзыреттілігі бар) ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Мектептегі негізгі пәндерден жобалар қорғалды. 10-сынып оқушысы Тоққожина Айғаным ағылшын тілінде жасаған жобасы үшін І орын иеленді. 11-сынып оқушылары Тәжіхан Аружан мен Усманова Лаура математикадан ІІ орын алды.    

«Көкіл» ансамблі Екатеринбург тұрғындарын таң қалдырды.
19.01.201719.01.2017
Жазба

«Көкіл» ансамблі Екатеринбург тұрғындарын таң қалдырды.

19 қаңтар күні «Мәдени мұраны сақтау және мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы ЮНЕСКО клубтарының рөлі» тақырыбында Қазақстан Республикасы және  Ресей Федерациясы арасында видеоконференция өтті.  Видеоконференцияға Алматы және Екатеринбург қалаларының ЮНЕСКО клубтары қатысты. Әр клуб ұлттық өнер түрлерін ұсынды. «Көкіл» мектебі Құрманғазының «Балбырауын», А.Раимбергеновтің «Секіртпе» және Ортеке күйлерінен тұратын бағдарлама көрсетті. Исаханова Д.К. аспаптардың және күйлердің шығу тарихымен...

ЮНЕСКО сертификатын тапсыру рәсіміне қатысу
05.12.201605.12.2016
Жазба

ЮНЕСКО сертификатын тапсыру рәсіміне қатысу

Қазақтың киіз үйі, айтысы мен күйі материалдық емес мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірді. Сертификаттарды табыстау Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайында өтті. Біздің мектеп қазақтың дәстүрлі музыкалы-қуыршақ өнері Ортекені дәріптеуге шақырылды. Қыдырхан Төлеген және Удербекова Тамила көне аспапта аса шеберлікпен ойнап, тыңдаушыларды таң қалдырды.  

Ж.Жабаев музейіне саяхат
29.10.201629.10.2016
Жазба

Ж.Жабаев музейіне саяхат

Бізге әсер еткен: күзгі мүлгіген табиғат пен ерекше тыныштық. Н.Тілендиевтің ескерткіші оның шығармашылығының көрінісіндей болды. Бізді таңқалдырған: ақынның 1938 жылдан осы күнге дейін жүріп тұрған көлігі.    

Қарттар үйі
20.10.201620.10.2016
Жазба

Қарттар үйі

«Көкіл» ансамблі Алматы қаласындағы Қарттар үйінде концерт қойды.    

Мұғалімдер күні
30.09.201630.09.2016
Жазба

Мұғалімдер күні

Осы мерекелі күні барлық жақсы тілек, ыстық ықылас, ізгі ниет мұғалімдерге арналды. В этот праздничный день все добрые пожелания были посвящены учителям.

Қарттар үйі
22.09.201622.09.2016
Жазба

Қарттар үйі

Осы мерекелі күні барлық жақсы тілек, ыстық ықылас, ізгі ниет мұғалімдерге арналды.