Білім күні

Екінші қыркүйек күні «Көкіл» мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Жазда демалып, есейген балалар салтанатты сапқа тұрды. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қобалжуы, бірінші рет тақпақ айтуы, қоңырау үні, қуанышты қауышу – осының бәрі мектептегі алғашқы күн.