Мектебіміздің түлектері Иренсиз Ұлдана, Қыдырхан Төлеген және Усманова Лаура «Алтын белгі» иеленді. Олар – үздік оқумен қатар, өнерімен де көзге түсіп жүрген өрендер. Төлеген – домбыраның құлағында ойнайтын күйші, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Лаура – математикадан республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы. Ұлдана ғылыми жобаны биология пәнінен қорғады. Мектеп мақтанышына айналып, «Алтын белгімен» аяқтаған шәкірттеріміз баршылық....
Category: Мектеп
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау салтанатымен оқу жылы аяқталды. Мектеп түлектері үшін бұл – мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырау. Олар мектепке деген алғысын жүрек тебіренісімен жеткізді. Соңғы рет вальс биледі. Ұстаздар түлектерге ақ жол тіледі. Соңғы қоңырау салтанаты Мектепті қимаймыз … Мектеп вальсі Мектеп директоры А. Райымбергенов ақ жол тілеуде Соңғы қоңырау Асыл ұя – мектебім Мектеп түлектері Тілектер...
ғылыми жоба
«Көкіл» мектебінде соңғы жылдарда ғылыми жоба қорғау жолға қойылды. Жылына екі рет таңдалған тақырыптар бойынша оқушылар өз ізденіс нәтижелерін ортаға салады. Жоба қызу талқыланады, сұрақтар қойылады. Оқушылар мектеп қабырғасынан өз пікірлерін дәлелдеп үйренеді. 2016 – 2017 оқу жылында қорғалған тақырыптар: 1. Күн энергиясы. 2. Робототехника. 3. Development of willpower. 4. Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық...
«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді
«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Оған бастауыш сынып оқушылары аса қызығушылық танытты. Жыл соңында шахматтан мектепішілік турнир өтіп, жеңімпаздар анықталды. І орынды Ахметов Батыр, ІІ орынды Қартамысов Алихан, ІІІ орынды Сейсенбек Алдияр жеңіп алды. Жас гроссмейсетерлер Ойлану керек … Жас шахматшы – Қартамысов Алихан Шахматтан мектеп чемпионы – Ахметов Батыр
«Аяулы асыл жандар»
8 Наурыз қарсаңында ардақты ұстаздарға және аналарға арналған «Аяулы асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті. Шын жүректен шыққан ыстық тілектер, құттықтаулар ән, би, көңілді көріністермен астасып отырды. Оқушылардың ыстық сезім, алғыс пен құрметіне бөленген ұстаздар дән риза болды.
ЮНЕСКО сертификатын тапсыру рәсіміне қатысу
Қазақтың киіз үйі, айтысы мен күйі материалдық емес мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірді. Сертификаттарды табыстау Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайында өтті. Біздің мектеп қазақтың дәстүрлі музыкалы-қуыршақ өнері Ортекені дәріптеуге шақырылды. Қыдырхан Төлеген және Удербекова Тамила көне аспапта аса шеберлікпен ойнап, тыңдаушыларды таң қалдырды.
Мұғалімдер күні
Осы мерекелі күні барлық жақсы тілек, ыстық ықылас, ізгі ниет мұғалімдерге арналды. В этот праздничный день все добрые пожелания были посвящены учителям.
Қарттар үйі
Осы мерекелі күні барлық жақсы тілек, ыстық ықылас, ізгі ниет мұғалімдерге арналды.