Сіздерді екінші жарты жылдықтың басталуымен құттықтаймын!…

Сіздерді екінші жарты жылдықтың басталуымен құттықтаймын!…

Үшінші тоқсан – ең ұзақ тоқсан. Ауа райы да қолайсыз болады. Бәріміз ерте көктемді асыға күтеміз.

10 апта бойы баламыз да,өзіміз де белсенді болу үшін не істеу керек ?

👉🏻Күн көзі
Күн көзінің жетіспеушілігін болдырмау керектігі зерттеулерде жиі айтылады. Баланың бөлмесі жарық болғаны, күн түсіп тұрғаны абзалырақ.

👉🏻Таза ауа
Таза ауа – өмір. Күнделікті таза ауада серуендеу — өте пайдалы. Мектептен кейін немесе ұйықтар алдында жаяу серуендеу керек. Демалған күндері белсенді демалыс ұйымдастыруды ұмытпаңыз.

👉🏻Дәрумендер
Қазіргі кезде жемістер мен көкөністер, арнайы дәрумендер кешені біздің ағзамызға ауадай қажет. Ең бастысы, «өзім білемділікке» салынбай, балалар дәргерінің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал.

👉🏻Сапалы ұйқы
Балаларды белгілі бір уақытта ұйықтауға, белгілі бір уақытта тұруға үйрету де маңызды.Ми күнделікті көптеген ақпараттар қабылдайды және оны қорытып үлгеруі керек. Ол үшін, күн тәртібі мен ұйқыға кету уақыты нақты болуы керек.

👉🏻Күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес. Дұрыс құрылған күн тәртібі мектеп оқушысы үшін, оқумен қатар демалуға және ойын ойнауға да уақыт табуына мүмкіндік береді. Балаңызбен бірге отырып күн тәртібін жоспарлауды қолға алыңыз.

Біз сізді және сіздің балаларыңызды күтеміз!
🏫Қалдаяқов көшесі, 25 «Көкіл» мектебі
☎️+7 (727) 382 3723
🌐kokil.kz

#образовательныйканал #развлекательныйканал #длясамыхмаленьких #детскоетворчествоалматы #эстраднаястудияалматы #вокал #музыка #хореография #детскаяхореография #песня #голос #танец #театр