Математика күні
20 қазан «Көкіл» мектебінде математика күні екені бірден білінді: оқушылар көңілді математикалық старттар өткізді. Сайысқа қатысқан «Пифагор» және «Архимед» топтары білімдері мен жылдамдықтарын ортаға салды: тақтаға секіріп жетіп есеп шығарды, допты теннис ракеткасымен құлатпай ұстап формула жазды. Жанкүйерлер өз топтарына қолдау көрсетіп отырды. Сайыс шын мықтыны анықтады, ең бастысы – оқуышлардың ғылымға деген қызығушылығын тудырды.