Құнанбаева Эльмира Жайдархановна — «Көкіл» мектебінің псиxол…
[ad_1]
Құнанбаева Эльмира Жайдархановна — «Көкіл» мектебінің псиxологы және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.
2009 жылы Эльмира Жайдархановна Жамбыл Гуманитарлық Техникалық Университетін педагог-психолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Жұмыс өтілі — 9 жыл. «Осы ғажап өмірде әр адам өз жолын таңдап жатады. Мен өзімнің жаныма жақын мамандығымды мақтана да, марқая да айта аламын. Мен психолог маман ретінде ақылдың иесі болып, жақсылық жасасам, мейірім төксем, махаббат сепсем, әлемді танысам деген ғажайып оймен барша ғаламға жақсылық нұрын төгіп, шәкірттерге жақсылық жасауды, оларға дем беріп, жан дүниесіне үңіліп, олардың бүгіп, ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.
Оқушылардың өздерін жаңа қырынан танып, жақсы жағынан көрсете алуларын айтып, өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа, жастық шақтарын босқа өткізбей, өмірден дұрыс жол таңдауға бағыттаймын».
???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
☎ Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz