Посмотреть видео «Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары»

Посмотреть видео «Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары»

[ad_1]

Қадірлі достар!

Мектебімізде төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Оқушыларға жер сілкінісі немесе су тасқыны т. б. апаттық жағдайлардағы қорғаныс амалдары түсіндірілді.

Өрт дабылы соғылған соң, жаттығу жұмыстары басталды. Барлық оқушылар пән мұғалімдерімен бірге сыныптарынан шығып, мектеп ауласындағы қауіпсіз аймаққа жиналды.

Жоғарғы сынып оқушылары зардап шеккендерге алғашқы көмек берудің әдістерін көрсетті. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және алғашқы әскери дайындық жетекшісі оқушыларға мұндай жағдайда нені білу керек, қалай әрекет еткен жөн, өзін-өзі ұстау туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті және төтенше жағдайдағы негізгі ережелермен таныстырды.

Маңызды іс-шара сәтті өткізіліп, күннің келесі бөлігі жақсы көңіл-күймен басталды.

[fb_vid autoplay= «true» id=»photo_id»:»505111546887097″»][fb_vid autoplay= «true» id=»505111546887097″]
[ad_2]

Source