Мектепке дейінгі білім беру
Байланыс телефондары:
«Көкіл» мектебі жанындағы мектепалды дайындық орталығы 5-6 жас аралығындағы балаларды қызықты сабақтарға шақырады.
Білікті мамандар сабақ барысында балалардың ойлауын, қабылдауын дамытуға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Орталық мұғалімдері балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытуға арналған бірегей жаттығуларды қолданады. Әрбір баланың жеке тұлғалық қабілеттерін ашу мақсатында жеке жұмыстар жүргізіліп, тұлғалық қызығушылықтары алға қойылады.
Математика сабақтарында баланың логикалық қабілетін дамытды басты назарға қояды.
Біздің «Көкіл» мектепалды дайындық орталығы – балалардың мектепке сапалы даярлығының кепілі.
Балалардың дамуын қадағалау өте әсерлі, ол үлкендерге қуаныш сыйлайды. Құрметті ата-аналар, біз сол қуанышты сіздермен бөліскіміз келеді.
Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында:
- Тіл дамыту;
- Сауаттылық;
- Математика;
- Ағылшын тілі;
- Қазақ тілі
- Бейнелеу өнері (сурет салу, мүсіндеу, аппликация (бастырма))
- Қабілеттерін жан-жақты дамыту