«Көкіл» мектебінің тағы бір ерекшелігі – біздің мектепте өзге ұлт өкілдері де білім алады. Олардың барлығын сапалы білім алуға жіне қазақ тілінде еркін сөйлеуге деген құштарлықтары біріктіреді. Ал, бұл дегеніміз – жетістікке толы болашақ үшін маңызды. Мемлекеттік тілді білу – көптеген беделді компанияларға жұмысқа тұруға есік ашады. Сұранысқа ие маманға айналады. Қазақ тілін кішкене болса...
Category: Жаңалықтар
#Пайдалыкеңестер айдарын жалғастырамыз….
Жаңа материалды қалай жақсы есте сақтауға болады? 🔸 Соңғы зерттеулер жадты жақсарту үшін қоршаған ортаны өзгерту керек екенін көрсетті. Өйткені, оқу процесінде біз өтілген материалды айналадағы заттармен еріксіз салыстырамыз. Сондықтан, егер орта өзгерсе, көбірек материалды есте сақтау оңайырақ болады. Экспериментке сәйкес, әртүрлі бөлмелерде оқитын студенттер бір жерде үнемі оқитындарға қарағанда тестілеуде жақсы нәтиже көрсетті. 🔸Дене...
Баланың көңілі әрнәрсеге алаңдап, зейінін жинақтай алмаса не…
Баланың көңілі әрнәрсеге алаңдап, зейінін жинақтай алмаса не істеу керек? Кей кездері бір нәрсені ұмытып, алаңдап, шатасып кететін кездер болады.Бұл оқуға үнемі кедергі жасай бастаса, себептерді іздеудің уақыты келді. Оларды жою арқылы сіз балаға мұқият және жинақы болуға көмектесесіз. Себептердің бірі тапсырмалардың шамадан тыс көп болуы мүмкін, бір уақытта бірнеше нәрсені есте сақтау немесе бірнеше...
Кейбір адамдарға тіл үйрену жеңіл болса, кейбіреуіне есеп шы…
Кейбір адамдарға тіл үйрену жеңіл болса, кейбіреуіне есеп шығару оңай. Ата-аналар мен мұғалімдер қай сабақ болмасын қызықты екенін түсіндіре білуі керек. Ол үшін пәнге байланысты қызықты мәліметтермен бөләсәп отыру керек. Мұны қалай тексеруге болады? Ескі үйлерде әйнекке қарасаңыз, оның астыңғы жағына қарағанда үстіңгі жағы сәл жұқа екенін байқайсыз. Сондықтан мұндай үйлердің терезелері дірілдей бастайды. Бұл...
«Көкіл» мектебі – академиялық біліммен қатар балаларды руха…
«Көкіл» мектебі – академиялық біліммен қатар балаларды рухани дамытады және шығармашылығын шыңдайды. Біздің мақсатымыз – білім нәрімен сусындаған, эстетикалық тәрбие алған, көшбасшылық әлеуеті жоғары, жан-жақты дамыған балаларды тәрбиелеу. Білім берудің бастапқы кезеңі қамтиды: 🔸Математиканы тереңдетіп оқыту; 🔸Тіл дамыту; 🔸1- сыныптан бастап ағылшынды тереңдетіп оқыту; 🔸1-сыныптан домбыра үйрету; 🔸Көркем және қолданбалы өнер; 🔸Хореография (ритмика); 🔸Үй тапсырмасын...
Оқушыларға кеңес…
Сабақ оқу көңілді әрі нәтижелі болу үшін не істеу керек? Эфирде #пайдалыкеңестер Сабақ оқу кестесін жасаңыз 1️⃣Сабақты күнделікті белгілі бір уақытта оқуды әдетке айналдырыңыз. Мүмкін сізге сабақтан кейін демалып, серуендеген ұнайтын шығар? Кейбір оқушылар сабақтан кейін тапсырмаларды орындап, еш уайымсыз демалғысы келеді. 2️⃣Емтиханға дайындықты жоспарлау. Барлығын қайталауға және жаттауға жетерліктей уақытқа жоспарлаңыз. 3️⃣Материалды бөліктерге бөлу....
Сізге кітап оқыған ұнай ма?…
Кітап оқу- миға жасалған жаттығу екенін бәріміз білеміз. Білім беруге арналған кітаптардан жаңа білім алатынымыз түсінікті. Ал көркем әдебиеттің пайдасы бар ма? Біріншіден,көркем шығарманы оқу адамның қиялын дамытып қана қоймай, өзгелердің ішкі сезімін тереңірек түсінуге көмектеседі. Сіздің ойлау көкжиегіңіз артады. Сәйкесінше, айналаңызда орын алып жатырған оқиғаларға сәйкес өзіндік көзқарас қалыптасады. Екіншіден, шығарма кейіпкерлерімен бірге уайымдап,...
Балалардың білім алуға құлшынысының болмауы – ата-аналардың …
Балалардың білім алуға құлшынысының болмауы – ата-аналардың басында жиі кездесетін мәселелердің бірі. Біздің құлшынысымыз тұрақты («Маған ән айтқан ұнайды, қолымнан келетініне ешқашан күмәнданған емеспін…») және кей кездері тұрақсыз («Мен олимпиада ойындарын көріп, шаңғышы болғым келді. Бірақ шаңғымен айналысу қиын болғандықтан., тастап кеттім.») Балалар сезімтал болғандықтан, құлшыныстары тұрақсыз. Сондықтан, кей кездері балаңыздың жалқаулығы ұстап қалса, уайымдауға...
Әлемдегі мектептер туралы қызықты деректер…
🔸Қытай мектептеріндегі ең ұзақ демалыс – жазғы демалыс. Жазда 1 ай демалады. 🔸Сингапурдегі мектептерде 12-13 жастан бастап,негізгі мамандықтарды тереңдетіп оқиды( мысалы: бухгалтер, ІТ маманы). 🔸Финляндияда бала өзі қаламайынша, тақтаға шақыруға болмайды. 🔸Бангладештің кейбір аудандарында «жүзетін мектептер» бар. Қайықта орналасқан мектептердің саны – 100 шақты. Біз сізді және сіздің балаларыңызды күтеміз! 🏡Қалдаяқов көшесі, 25 «Көкіл» мектебі...
Оқу дегеніміз – есте сақтау. Есте сақтау қабілетін жақсар…
Оқу дегеніміз – есте сақтау. Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған бірнеше қарапайым кеңестерді ұсынамыз. Кез-келген өлең немесе мәтін болсын, ұйықтар алдында есте жақсы сақталады. Тапсырманы орындауды бірнеше күн алдын бастаңыз және күнделікті әдетке айналдырсаңыз жеткілікті. 🔸Өлең мәтінін дауыстап қайталап оқыған соң, қағазға көшіріп жазыңыз. Көшіре отырып сезініңіз,оқиғаны көз алдыңызға елестете отырып жазыңыз. 🔸Жазған қағазды шетке...