«Көкіл» мектебі әлемдік білім беру саласындағы өзгерістерді …
[ad_1]
«Көкіл» мектебі әлемдік білім беру саласындағы өзгерістерді үнемі бақылап отырады.
⠀
Оқушыларымыздың алған білімі нәтижелі болуы үшін балаларымыз әлемнің түкпір-түкпіріне ансамбльмен сапарға барып, конференциялар мен семинарларға белсенді түрде қатысуда, сол арқылы мектебіміз де тұрақты түрде дамып келеді. Біз әрдайым оқушыларымыздың шығармашылық белсенділігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолданатындығымыз жөнінде жазамыз, бірақ мұнда нәтижелі әдісті сипаттап жазғаннан гөрі балалардың және ата-аналардың әсерін, қуанышын жайдарлы жүздерінен-ақ байқауға болады.
⠀
«Көкіл» элиталық қазақ мектебі білім беру үдерісінде ойын технологиясын қолдану арқылы балалардың жаңа білімді меңгеруіне қолдау көрсетеді. Біз балалармен жылы қарым-қатынас жасай отырып, кретивті, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына ықпал етеміз. Мектептегі білім беру үдерісінің қызықты болуы, әрі баланың мектепте өзін еркін сезінуі – біздің басты мақсатымыз.
⠀
Зерттеулердің нәтижесі бойынша Қазақстанда мемлекеттік мектептерге қарағанда жекеменшік мектепте оқыған бала 50 ұпайға жоғары нәтиже көрсетіп, Ресейдің алдына шыққан (онда айырмашылық 20 ұпай). Орташа есеппен әр елдің 20% оқушылары жекеменшік мектептерде білім алады екен. Ұлыбритания, АҚШ, Германия елдерінде жекеменшік білім беру ұйымдары білім алушылардың 10%-ын, Чили, Индонезия, Испания, Ирландия және Нидерландыда 30%-ын құрайды. Кейбір деректер бойынша Қазақстанның жекемекшік мектептерінде 5% ғана мектеп жасындағы оқушылар білім алады екен. Уақыт өте келе бұл жағдай өзгеріп, барлық балалар үшін мектептегі білім беру сапасы жақсарады. Бұл ұрпағымыздың шығармашылық және интеллектуалдық тұрғыдан дамуына әсер етпек.
⠀
???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
☎ Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz
⠀
#школа #учеба #образование #частнаяшкола #көкiл #мектеп #kokil #school #education #almaty #алматы