Сочинения учеников

Home / Сочинения учеников

Дорогие друзья!

Впервые школа «Көкiл» решила публиковать уникальную палитру школьных сочинений на казахском языке.

Мы решили назвать нашу рубрику «Ерен Дарын», что в переводе означает — «Особенный дар». Каждое из представленных сочинений является авторским, творческим, индивидуальным продуктом. Все сочинения написаны в рамках школьной программы, но есть и те, что называются «Вдохновением». Работы учеников, с позволения родителей, нам предоставляют классные руководители, отбирая не по системе «Лучшее», а по принципу: интересная подача, творческий подход.

Сүйікті Алматым

Алматының керемет жерлері көп. Соның бірі Сапарғали Бегалин атындағы кітапхана. Кітапханада 5000-нан астам кітап бар, ал балаларға арналған 2000-нан астам кітап бар.

Іші таза, жарық, барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге мұнда шет тілін оқуға, үйренуге және көптеген үйірмелерге қатысуға болады. Кітапхана ішіндегі ең маңызды орын ол – мұражай. Мұражай Сапарғали Бегалин атамызға арналған. Онда жазба машинасы, сол кездегі радиосы және өзі ойнаған домбырасы қойылған. Киімі, ұстаған заттары және пионер галстугі де бар. Өзінің және отбасы суреттерін де көруге болады.

Кітап адамның досы. Кітап – алтын қазына.

Әсем қаламда білімді, ақылды балалар көп болсын.

«Көкіл» мектеп-колледжінің 3-сынып оқушысы Жұмажанов Ануар. Жасы 9-да. Бірінші сыныптан осы аталған мектепте оқиды. Ата-әженің тәрбиесін алып, мейірімге бөленген бала. Шығарма жазып, өлең оқумен қатар математика сабағын ерекше жақсы көреді. Республикалық математикадан өткен олимпиадада ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ спорт ойындарын сүйіп ойнайды. Жас өспірімдер арасында өткен хоккей ойындарынан қалалық, республикалық жарыстарға қатысып жүр. Мектебіміздің мақтанышы.

Көктем

«Көкіл» мектеп-колледжінің 5-сынып оқушысы Рзагазиева Малика. 1-сыныптан бастап «Көкіл» мектеп-колледжінің үздік оқушысы, «Almaty show time» би фестивалінің жеңімпазы, «Kings of dance» халықаралық би чемпионатының І орын иегері, Республикалық математика пәнінен өткен олимпиаданың ІІ орын иегері.
Малика өз шығармашылығымен «Көктем» мезгіліне арнап шығарма жазды. Бұл – Маликаның сүйікті мезгіліне сағынышының белгісі