ЮНЕСКО ұлттық клубы
Қазақстандық Ұлттық UNESCO клубтары федерациясының 10 жылдығы жақындап келеді. «Көкіл» мектебі де UNESCO клубының мүшесі ретінде федерацияның іс-шараларына белсенді түрде қатысуда.
2018 жылы 15 қараша күні Алматы қаласындағы 22 клуб мүшелері «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және кеңінен тарату бағытында ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында өткен ЮНЕСКО-ның бірінші моделіне қатысты. Әр клуб бір мемлекеттің мәдени мұрасымен таныстыруы қажет болатын. «Көкіл» клубы Мексика елінің мәдени мұрасымен жақынырақ таныстырды. Клуб мүшелері, мектебіміздің үздіктері Амангелді Аружан мен Удербекова Тамила өз презентацияларын ойдағыдай қорғап шықты. Сонымен қатар, біздің оқушыларымыз басқа елдердің мәдениеті туралы да мағлұмат алды. Ойын болса да, өмірге керек сабақ болды.