Көптеген ата-аналар мен оқушылар үшін ерте тұру кей кездері …

Көптеген ата-аналар мен оқушылар үшін ерте тұру кей кездері …

Көптеген ата-аналар мен оқушылар үшін ерте тұру кей кездері «сынаққа» айналады. Жаңа күнімізді жақсы көңіл-күймен бастау үшін не істеу керек?

Алдымен өзіңіздің әрекетіңізді еске түсіріп көріңізші. Біздің де оятқыштың қоңырауын ести сала төсектен тұра алмайтын кездеріміз көп болады. Сондықтан, балаңызға өзіне келу үшін және төсектен тұруы үшін 5 минуттай уақыт беріңіз.

Балаңызды қатты айғайлап, асығыс оятпаңыз. Сіздің бұл әрекетіңіз, балаңыздың күні бойы көңіл-күйінің болмауына әсер етуі мүмкін. Балаңызды оятпас бұрын, көңілді немесе жағымды әуен қосыңыз,пердені ашыңыз, жылы сөздеріңізді аямаңыз. Балаңыздың ұйқыдан сергек оянуына жағдай жасаңыз.

Ұйқыдан сергек оянудың басты кепілі – жайлы төсек, бөлме температурасы, ыңғайлы киім және ұйқыға жату уақыты екенін ұмытпағайсыз.

Біз сізді және сіздің балаларыңызды күтеміз!
Қалдаяқов көшесі, 25 «Көкіл» мектебі
☎️+7 (727) 382 3723
🌐kokil.kz

#школа #частнаяшкола #школаалматы #частнаяшколаалматы #казахскаяшколаалматы #казахскаяшкола #образование #образованиеалматы #казахскийязык