Күз келіп, балаңыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл…

Күз келіп, балаңыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл…

Күз келіп, балаңыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл бала үшін де, сіз үшін де үлкен сынақ. 1-сыныпқа баратын бала бастапқыда жаңа күн тәртібіне үйрене алмайды. Бала мектеп өміріне сәтті үйренуі үшін қарапайым кеңестерді орындасаңыз болғаны.

✅Баланың еркіндігін шектемеңіз. Мысалы, мектепке барған бала киімдерін өзі реттеуі керек. Яғни, орындыққа қоя ма, шкафқа сала ма еркіндік беріңіз. Оқу құралдарын, заттарын өзі салып, өзі жинасын. Мұның барлығы 1-сыныптан әдетке айналғаны абзал.

✅Баланы дұрыс мақтауды үйренейік. Ол бір ғана әріпті үйренді ме, тақпақ жаттады ма, мейлінше мақтауды ұмытпаңыз. Қолдау әрқашан күш береді.

✅Бала мектептен келгесін оған дұрыс сұрақ қойып үйренген дұрыс. Осы орайда баламен сөйлесіп, сырласып үйреніңіздер. «Бүгін сені не қызықтырды? Нені үйрендің?» деген сияқты сұрақ қойғанымыз жөн.

✅Балаңыздың үй тапсырмасын өзіңіз орындамаңыз, оған үйге берілген тапсырманы өзі орындауға міндетті екенін түсіндіріңіз, көмектесіңіз.

✅Баланың миына көбірек оттегі барғаны жөн. Таза ауада жүрген сайын миға оттегі барады. Режим сақтап, белгілі бір уақытта тұрып, бір уақытта жатып үйрену қажет.
____

В первую очередь нужно формировать мотивацию к учебе.

✅Создавайте приятный настрой на школу. Обсуждайте и разъясняйте школьные правила. Особенно старайтесь обсудить непонятное и новое. Ни в коем случае не стоит пугать ребенка школой или говорить о ней в неприглядном свете. Это может сильно повредить настрою малыша.

✅Пусть он собирает портфель самостоятельно, а вам останется просто уточник и подсказать: «ничего не забыл? А учебники положил? Молодец!»

✅Не выполняйте домашние задания за ребенка. Лучше подскажите, как сделать правильно, покажите образец или пример.

✅Обсуждайте школьную жизнь. Интересуйтесь прошедшим днем, задавайте вопросы.

✅Контролируйте внешний вид ребенка. Он должен быть опрятным, чистым и даже деловым. Хвалите его за это, говорите, что школьная форма очень ему идет.

Біз сізді және сіздің балаларыңызды күтеміз!
🏡Қалдаяқов көшесі, 25 «Көкіл» мектебі
☎️+7 (727) 382 3723
🌐kokil.kz