Абсаматова Рахия Әмзеқызы
Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгерістері физикалық заңдылықтарға негізделген. Бұл заңдар өте күрделі әрі қиын болғандығына қарамастан, физика – біздің балалар үшін ең сүйікті пәндердің бірі.
Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абсаматова Рахия Әмзеқызы жоғарғы санатты, кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейдегі білікті маман. Ол шығармашылық ұжыммен бірге жаңа «Физика» электрондық оқулығының авторы болды. Педагог жұмысында инновациялық технологияны, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданады. Физика пәнінің басқа да пәндермен тығыз байланыста екенін балаларға оңай және тиімді жолдармен түсіндіреді.
Педагог өзінің біліктілігін, балаға деген махаббатын еркін көрсете алады, әр балаға жеке тұлға ретінде қарайды. Оқушылардың логикалық және танымдық қабілеттерін дамыта отырып, түрлі әдістемелерді, білім беру үлгілерін кең көлемде ұсынады. Сондықтан да оқушылар ҰБТ-дан жоғарғы бал жинап, жақсы көрсеткіштер көрсетеді.