Қозы мен Баян
Қайырлы күн, достар!
Қазақтың лиро-эпостық жырларымен таныссыз ба? Олардың мазмұнын жетік білесіз бе?
Ал біздің мектебімізде гуманитарлық пәндердің онкүндігі аясында 7-9 сынып оқушыларының арасында ««Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ізімен» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты да – жыр мазмұнымен танысып, оның тарихи маңыздылығын, құндылығын түсіндіру болатын. 5 кезең бойынша өткен сайыста «Қозы Көрпеш» тобы «Қодар» тобынан озып, жеңіске жетті.
Қазақтың тарихы терең әдеби мұраларын оқу – біздің басты міндетіміз.