Раимбергенов Абдулхамит Ысқақұлы

Home / Раимбергенов Абдулхамит Ысқақұлы
Director

Жалпы білім берітін мектептің «Музыка» пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасының авторы, жаңашыл ұстаз. Бағдарламаның ерекшелігі  — ұлттық педагогиканың негізінде домбыра үйретудің жаңа әдістемесі. Абдулхамит Раимбергеновтың  әлем халықтарының көптеген алдыңғы қатарлы  әдістемелерімен таныс болуы, оның қазақ балаларының ұлттық рухқа тәрбиелейтін жаңа бағдарлама жасауына ықпал етті. Абдулхамит Раимбергенов ғылыми және концерттік жұмыстарына аса мән береді.  Ол «Күй қайнары», «Қазанғап. Ақжелең» атты монографиялық еңбекттерін жазып, ұлттық «Қазақстан» телеарнасынан «Домбыра үйренейік», «Әлі есімде», «Сегіз қырлы» атты авторлық бағдарламасын жүргізді.  Білім саласындағы еңбектері үшін Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және мәдениет саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстанның Мәдениет қайраткері» атағымен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.

Socials