Жұлдызды қонақтар

Жұлдызды қонақтар

16 қараша күні «Көкіл» мектебі еліміздің танымал жұлдызы, атақты киноәртіс, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаев пен біздің мектебіміздің түлегі, мақтанышымыз, «Серпер» сыйлығының лауреаты Амантай Рамазанды қарсы алды.

Кеш сұхбат ретінде өтті. Құрметті қонақтар арнайы дайналған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылықтарының қайнар көзі мен қалыптасуы, мамандығы мен еңбектерінің жемістері, өнерлерінің келешектегі дамуы мен өмірге деген көзқарастары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар келе жатқан «Африкадағы қазақша кәсіп» фильмнің бірінші көрсетілімнің қарсаныңда жұмыс процесінің сырларын ашып, қызықты сәттерді мен оқиғаларын еске алды. Кеш оқушылардың көңілінен шығып, балаларды болашақтағы табыстарға ынталандырды!