Берлин: Кішкентай жұлдыздар

Берлин: Кішкентай жұлдыздар

Мамыр айының басында «Көкіл» мектебінің бір топ өнерпаздары Берлинде өткен «Кішкентай жұлдыздар» халықаралық конкурс-фестивальге қатысып, қазақ өнерін еуропалықтарға паш етті.

Фестивальге Германия, Ресей, Украина, Болгария, Израиль, Кубадан келген балалар өнер көрсетті. «Көкіл» ансамблі І орын жеңіп алды. Жеке орындаушылардан Іңкәр Әжібек пен Димаш Рах І орын, Дариға Аманбаева мен Мұхамед Тоймұрат ІІ орын иеленді.

Балалар қаланың тарихи жерлеріне экскурсияға барып, атақты Берлин зообағын тамашалады. Парижге де жол түсті. Эйфель мұнарасы, Лувр сынды тарихи нысандарды аралап, Диснейлендке бару бақыты бұйырды. Халқымыздың төл өнерінің арқасында ел көріп, жер көріп, әсер алып қайттық.