12 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз…

Home / Новости / 12 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз…
12 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз…

12 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік символы — Алтын адам» атты мерекелік кеш өтті. Кештің құрметті қонағы ретінде «Қырым аралы» ғылыми қалпына келтіру зертханасының қалаушысы мен жетекшісі, археологиялық жәдігерлерді қайта жаңғырту маманы, суретші-реставратор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қырым Алтынбеков қатысты.

Іс-шараның барысында оқушылар өлең оқып, соңғы 20 жыл төңірегінде Қазақстанда табылған «Алтын киімді адамдар» туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Сахналық шеберлік» үйірмесінің дайындаған «Томирис — сақ патшайымы» атты көрініс көрермендердің көңілінен шықты. Кештің қадірменді қонағы Қырым Алтынбеков бірегей археологиялық олжалар туралы: оларды консервациялау, қалпына келтіру және қайта жаңғырту туралы баяндады.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз. Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz