Посмотреть видео «Kokil — Scene Of Art’s»

Home / Новости / Посмотреть видео «Kokil — Scene Of Art’s»
Посмотреть видео «Kokil — Scene Of Art’s»


Сүйінші!

«Тайжарыс-талант» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының және колледж студенттерінің арасында өткізілген «Scene Of Art’s» халықаралық өнер байқауына «Көкіл» ансамблі қатысып, бас жүлдені иеленді. Таланттарды тоғыстырған іс-шарада вокал, көркем сөз, би, аспапта ойнау, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер бойынша өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, таным-түсінігінің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына өз үлесін қосу. Баланы сахнаға бейімдеп, өзін қысылмай ұстауға, ойын ашық айтуға, кемел тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» демекші біз ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын оқушыларымызбен мақтанамыз. Әрдайым жеңістің тұғырынан көрініңдер, таудай талаптарыңа нұр жаусын! Біздің жеңімпаз шәкірттеріміз — мектебіміздің мақтанышы!