Посмотреть видео «2020»

Home / Новости / Посмотреть видео «2020»
Посмотреть видео «2020»


2019 жыл біздің мектебіміз үшін керемет жаңалықтарға толы болды. Оқушыларымыз түрлі жарыстардың жеңімпазы атанды, білмегендерін үйренді, қызығушылықтары арта түсті, бізді және мектебімізге келген қонақтарды тек жетістіктерімен ғана қуанып қоймай, талантымен де тамсандырды. Біз бар қуанышымызды, оқушыларымыздың шығармашылық жетістіктерін сіздермен бөлісеміз. Себебі, балалар біздің дамуымызға, білім беру жүйесін одан әрі жандандыра түсуімізге көмектеседі.

«Көкіл» мектебінің ұжымы сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Ыстық ықыласқа, ғажайыпқа толы жыл болсын. Келе жатқан 2020 жыл әрқайсысымызға ерекше көңіл-күй, отбасымызға жайлылық әкелсін, жаңа жетістітер мен жаңа тәжірибе жинауға мол мүмкіндік сыйласын!

Қадірлі достар, жылдағы дәстүр бойынша мектебіміздің директоры Абдулхамит Ысқақұлы сіздерге жаңа жылдық құттықтауын жолдайды.