«Көкіл-Талант» көркемсурет мектебінің шəкірттері жан-жақты б…

Home / Новости / «Көкіл-Талант» көркемсурет мектебінің шəкірттері жан-жақты б…
«Көкіл-Талант» көркемсурет мектебінің шəкірттері жан-жақты б…

«Көкіл-Талант» көркемсурет мектебінің шəкірттері жан-жақты білім алуда.

Олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйреніп, ісжүзінде əр түрлі заманауи материалдарды пайдаланып, шығармашылығын шыңдауда. Көркемсурет мектебін білікті ұстаз ҚР білім беру ісінің үздігі Сауғабаева Мейраш Ақбергенқызы жетекшілік етеді. Ұстаз бейнелеу өнері бойынша көптеген оқу əдістемеліктер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар мен плакаттардың авторы.

Көркем сурет мектебінің шәкірттері қалалық, республикалық, халықаралық өнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алуда…

Оқушылардың 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Петербург күзі» атты пленэрге қатысуы мектеп қабырғасында елеулі уақиғаға айналды. Оқушылар жүлделі І-ші және ІІІ-ші орындардың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар 2015 жылы Қырғызстан Респуликасында өткен «Ыстықкөл балалар көзімен» атты пленэрде оқушыларымыз І-ші және ІІ-ші орындарды иеленді.

Жыл сайын өтетін «Балалар əлемді бейнелейді» атты UNESCO клубтарының көркемсурет сайысына қатысқан шəкірттеріміз жүлделі орындарды алып, ал олардың салған жұмыстары көптеген мемлекеттерде басылып шығатын Альбомдарда жарық көруде.

???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz