«Көкілдің жас патриоттары!»…

Home / Новости / «Көкілдің жас патриоттары!»…
«Көкілдің жас патриоттары!»…

«Көкіл» мектебінің оқушылары Амангелді Аружан, Қыдырхан Елжас, Нұрғазина Амина 2020 жылдың 21 ақпанында «Жас патриот-қазақстандықтар академиясына» салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты шара Академияның құрылғанына төрт жыл толуына орай ұйымдастырылды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап ұйымға 2 302 оқушы қабылданған. Осы төрт жылда патриоттық бағыттағы әр түрлі іс-шараларға Қазақстанның барлық өңіріндегі оқушылар белсенді атсалысқан. Мектебіміздің жас патриоттарын құттықтауға «Көкіл» мектебінің оқушылары да барды. Мерекелік шарада «Көкіл» домбырашылар ансамблі танымал туындыларды орындады.

???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
☎️ Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz