Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгері…

Home / Новости / Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгері…
Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгері…

Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгерістері физикалық заңдылықтарға негізделген. Бұл заңдар өте күрделі әрі қиын болғандығына қарамастан, физика – біздің балалар үшін ең сүйікті пәндердің біріне айналды.

Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абсаматова Рахия Әмзеқызы жоғарғы санатты, кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейдегі білікті маман. Ол шығармашылық ұжыммен бірге жаңа «Физика» электрондық оқулығының авторы. Өз жұмысында инновациялық технологияны, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданады.Физика пәнінің басқа да пәндермен тығыз байланыста екенін балаларға оңай және тиімді жолдармен түсіндіреді.Мұғалім, әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, олардың жүрегіне жол таба біледі.

Оқушылардың логикалық және танымдық қабілеттерін дамыта отырып, түрлі әдістемелерді падаланады. Сондықтан да Рахия Әзеқызы оқушылары ҰБТ-дан үнемі жоғарғы бал жинап, жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді.

???? Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 25, Гоголь көшесінің қиылысында
Тел.: +7 (727) 382 3723
???? Сайтымыз: www.kokil.kz