Category: Жаңалықтар

Абсаматова Рахия Әмзеқызы
14.08.201714.08.2017
Жазба

Абсаматова Рахия Әмзеқызы

Бізді қоршаған табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен өзгерістері физикалық заңдылықтарға негізделген. Бұл заңдар өте күрделі әрі қиын болғандығына қарамастан, физика – біздің балалар үшін ең сүйікті пәндердің бірі. Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абсаматова Рахия Әмзеқызы жоғарғы санатты, кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейдегі білікті маман. Ол шығармашылық ұжыммен бірге жаңа «Физика» электрондық оқулығының авторы болды. Педагог жұмысында...

«Алтын белгі»  алған түлектер
20.06.201720.06.2017
Жазба

«Алтын белгі» алған түлектер

Мектебіміздің түлектері Иренсиз Ұлдана, Қыдырхан Төлеген және Усманова Лаура «Алтын белгі» иеленді. Олар – үздік оқумен қатар, өнерімен де көзге түсіп жүрген өрендер. Төлеген – домбыраның құлағында ойнайтын күйші, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Лаура – математикадан республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы. Ұлдана ғылыми жобаны биология пәнінен қорғады. Мектеп мақтанышына айналып, «Алтын белгімен» аяқтаған шәкірттеріміз баршылық....

20.06.201720.06.2017
Жазба

Аттестат тапсыру

Емтихандарды ойдағыдай тапсырған түлектер жалпы  білім туралы аттестаттарын алды. Алда жоғары оқу орнына  түсу үшін ҰБТ  күтіп тұр. Сәттілік тілейміз!

18.06.201718.06.2017
Жазба

Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау салтанатымен оқу жылы аяқталды. Мектеп түлектері үшін бұл – мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырау. Олар мектепке деген алғысын жүрек тебіренісімен жеткізді. Соңғы рет вальс биледі. Ұстаздар түлектерге ақ жол тіледі. Соңғы қоңырау салтанаты Мектепті қимаймыз … Мектеп вальсі Мектеп директоры А. Райымбергенов ақ жол тілеуде Соңғы қоңырау Асыл ұя – мектебім Мектеп түлектері Тілектер...

ғылыми жоба
14.06.201714.06.2017
Жазба

ғылыми жоба

«Көкіл» мектебінде соңғы жылдарда ғылыми жоба қорғау жолға қойылды. Жылына екі рет таңдалған тақырыптар бойынша оқушылар өз ізденіс нәтижелерін ортаға салады. Жоба қызу талқыланады, сұрақтар қойылады. Оқушылар мектеп қабырғасынан өз пікірлерін дәлелдеп үйренеді. 2016 – 2017 оқу жылында қорғалған тақырыптар: 1. Күн энергиясы. 2. Робототехника. 3. Development of willpower. 4. Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық...

20.05.201720.05.2017
Жазба

«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді

«Көкіл» мектебінде шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Оған бастауыш сынып оқушылары аса қызығушылық танытты. Жыл соңында шахматтан мектепішілік турнир өтіп, жеңімпаздар анықталды. І орынды Ахметов Батыр, ІІ орынды Қартамысов Алихан, ІІІ орынды Сейсенбек Алдияр жеңіп алды. Жас гроссмейсетерлер Ойлану керек … Жас шахматшы – Қартамысов Алихан Шахматтан мектеп чемпионы – Ахметов Батыр

01.05.201701.05.2017
Жазба

«Аяулы асыл жандар»

8 Наурыз қарсаңында ардақты ұстаздарға және аналарға арналған «Аяулы асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті.  Шын жүректен шыққан ыстық тілектер, құттықтаулар ән, би, көңілді көріністермен астасып отырды. Оқушылардың ыстық сезім, алғыс пен құрметіне бөленген ұстаздар дән риза болды.  

21.04.201721.04.2017
Жазба

Қазақ балалары Италия сахнасында!

 Қалыптасқан дәстүр бойынша «Көкіл» ансамблі Италиядағы Гарда қаласында өткен Халықаралық фестивальға қатысты. Ресей, Израиль, Түркия, Болгария, Латвия, Швеция, Марокко, Боливиядан келген өнерпаздар қатысқан сайыста, біздің балалар қазақ өнерінің мәртебесін асқақтата түсті. Гарда көшелерінде ұлттық киімдермен өткен шеру, кәдесый алмасу, естелік суреттер, қатысушылардың бір-біріне деген шынайы ықыласы мәңгілік есте қалды. Фестивальдан тыс Верона қаласына саяхат, Венецияда...

«Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз»
25.02.201725.02.2017
Жазба

«Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз»

Ақпан айында «Көкіл» мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 25 жылдығы аясында өткен «Біздің кешегіміз, бүгінгіміз, ертеңіміз» тақырыбындағы XXXVII   Республикалық (Халықаралық құзыреттілігі бар) ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Мектептегі негізгі пәндерден жобалар қорғалды. 10-сынып оқушысы Тоққожина Айғаным ағылшын тілінде жасаған жобасы үшін І орын иеленді. 11-сынып оқушылары Тәжіхан Аружан мен Усманова Лаура математикадан ІІ орын алды.