Category: Жаңалықтар

7 Мамыр!
07.05.201907.05.2019
Жазба

7 Мамыр!

Барша Қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтап, сыртқы қауіп-қатерден қорғау – Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің негізгі міндеті. Өз Отанын қорғау – елін, жерін сүйетін әрбір қазақстандық азаматтың негізгі парызы. Мектебіміз өз өнері мен білімінің арқасында елімізді әлемге танытып жүрген отан сүйгіш оқушыларымызбен мақтанады.

01.05.201901.05.2019
Жазба

Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті достар! Сіздерді мерекемен құттықтаймыз — Қазақстан халқының бірлігі күні біздің елімізге ең маңызды күн болып көрінеді. Өйткені бұл жерде әртүрлі елдердің ерекше жиынтығы тұрады. Түрлі конфессиялардың өкілдері мен жүзден астам халықтар достықта және тату көршілік қатынастарда тұрып жатыр… Қазақстандықтардың бірлігі — біздің балаларымыздың жарқын болашағы!

22.04.201922.04.2019
Жазба

Наурыз 2019

«Көкіл» мектебіне асыға күткен «Наурыз» мерекесі де келіп жетті. Оқушылар мерекеге жиналған қонақтарға қазақтың салт-дәстүрін көрсетумен қатар, басқа да ұлттардың әндері мен билерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Наурыз мерекесі оқушылар мен ата-аналардың естерінде қалатындай өте әсерлі өтті.

ЮНЕСКО ұлттық клубы
23.11.201823.11.2018
Жазба

ЮНЕСКО ұлттық клубы

Қазақстандық Ұлттық UNESCO клубтары федерациясының 10 жылдығы жақындап келеді. «Көкіл» мектебі де UNESCO клубының мүшесі ретінде федерацияның іс-шараларына белсенді түрде қатысуда. 2018 жылы 15 қараша күні Алматы қаласындағы 22 клуб мүшелері «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және кеңінен тарату бағытында ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында өткен ЮНЕСКО-ның бірінші моделіне қатысты. Әр клуб бір мемлекеттің мәдени мұрасымен...

Жұлдызды қонақтар
19.11.201819.11.2018
Жазба

Жұлдызды қонақтар

16 қараша күні «Көкіл» мектебі еліміздің танымал жұлдызы, атақты киноәртіс, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Байжанбаев пен біздің мектебіміздің түлегі, мақтанышымыз, «Серпер» сыйлығының лауреаты Амантай Рамазанды қарсы алды. Кеш сұхбат ретінде өтті. Құрметті қонақтар арнайы дайналған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылықтарының қайнар көзі мен қалыптасуы, мамандығы мен еңбектерінің жемістері, өнерлерінің келешектегі дамуы мен өмірге деген көзқарастары...

13.10.201813.10.2018
Жазба

«Көкіл» мектебі

«Көкіл» мектебінің бастауыш сынып оқушылары сапалы білім алумен қатар, мол рухани байлыққа ие болады. Ұстаздар білім беру барысында жаңа әдіс-тәсілдер мен ақпараттық оқыту технологияларын тиімді пайдаланады. Мектепте оқушының психологиялық хал-ақуалы бақыланып, білім деңгейі сараланып отырады. Балалардың шығармашылық қабілетінің ашыла түсуіне бағытталған музыка, көркемсурет, қолөнер және би сабақтары жүргізіледі. Бастауыш сыныбына келген сіздің балаңызға «Көкіл» мектебі...

13.04.201813.04.2018
Жазба

Блог «Көкiл»: Выпуск №22 — Физика

Сəлем достар! Физика біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Осы пəннің арқасында біз табиғат құбылыстарының заңдарымен таныстық. Компьютерлердің қалай жұмыс істейтінін, ғарыш кемелерінің ұшуын, поездардың қозғалысын,найзағайдың қалай пайда болатынын осының барлығын физикадан оқып үйрендік. Қазір Сабинамен біздің мектепте физика сабағының қалай өтетінін бірге көреміз.